Date of publication: 13.04.2026 11:29
Date of changing: 13.04.2026 11:30

Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 11-сәуірден бастап Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) 590.00 салық есептілігі нысаны – Пайдалы қазбаларды өндіру салығы, экспортқа рента салығы, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларға арналған роялти жаңа нұсқасы бар екенін хабарлайды.

Жер асты суларына, кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға ПҚӨС есептеу және төлеу БСК 105310 салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша жүргізілетініне назар аударамыз. Көрсеткіштер 590.00 СЕН-нің 3 және 4-қосымшаларында көрсетіледі.

СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.

Анықтама үшін. Салық есептілігінің нысандары cондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.

 

Назар аударыңыз! Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де 2026 жылға арналған СЕН жаңа нұсқалары қол жетімді емес.