Date of publication: 25.03.2021 11:39
Date of changing: 25.03.2021 11:40

      2021 жылғы 15 – 17 наурыз аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен бірлесіп «Карнет АТА-ны іс-жүзінде қолдану және оны толтыру тәртібі» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің Карнет АТА-ны іс-жүзінде қолдану саласындағы құзіретін арттыру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Ағымдағы жылдың 16 наурызында сағат 10.10 семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ, Instagram (@umc_kgd_kz) тікелей көрсетілім арқылы дәріс оқылды.

Іс-шарада ОӘО  басшысының орынбасары Серик Кенесович Биекенов модератор жұмысын атқарды.

 Дәріскер ретінде – Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма Төрағасының кеңесшісі – Нурболат Николаевич Сукуров қатысты.

Қатысушылар уақытша әкелу туралы Стамбул конвенциясымен, Карнет АТА-ны қолданудың артықшылықтарымен, Карнет АТА бойынша өткізілуі мүмкін тауарлармен, уақытша әкелу туралы Стамбул конвенциясына қосылған елдердің тізімімен, Ұлттық кепілдік беретін ұйымның рөлі мен міндеттерімен, Карнет АТА-ны беру тәртібімен, Карнет АТА бағандарын толтыру тәртібімен және Карнет АТА-ны қолдану саласындағы басқа да өзекті мәселелермен танысты.

Семинардың қорытындысы бойынша 82 қатысушыға біліктілігін сәтті арттыруы туралы сертификаттар жіберіледі